26.11.25

ХБК-да Career EXPO KazGASA өтті

2025 жылғы 26 қарашада Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Career EXPO KazGASA іс-шарасы өтті. Бұл сәулет, құрылыс, инженерия және дизайн салаларындағы 45-тен астам компанияны, сондай-ақ студенттер мен түлектерді біріктірген ірі карьерлік алаң болды. Іс-шара KazGASA-ның 45 жылдық мерейтойын атап өту бағдарламасының бір бөлігі ретінде ұйымдастырылды.

EXPO жұмыс берушілердің жас мамандарға деген жоғары қызығушылығын көрсетті және KazGASA-ның сәулет, дизайн және құрылыс саласы үшін жетекші кадрлар даярлау орталығы ретіндегі мәртебесін растады. Қатысушылар компаниялардың қызметімен танысып, кәсіби кеңестер алып, сұрақтар қойып, кәсіби коммуникация дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.

BI Group, Kusto Group, Alina Group, Sika, Imstalcon, Colliers Kazakhstan және басқа да серіктес компанияларға студенттердің мансаптық мүмкіндіктерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.

EXPO аясында жұмыс берушілер студенттердің портфолиосын, түйіндемесін, коммуникация дағдыларын және кәсіби дайындығын бағалайтын ойын ұйымдастырылды. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, BI Group кеңсесіне экскурсия, KazGASA брендтік өнімдері және халықаралық форматтағы кәсіби түйіндеме сияқты сыйлықтарға ие болды.

Сонымен қатар Career EXPO KazGASA шеңберінде салалық мамандардың бірқатар қонақ дәрістері өтті.

18 қараша — СП NEFT даму директоры Жандос Агимбеков «Жаңа буын құрылыс компаниясын құру: адамдар, үдерістер, жобалар» тақырыбында дәріс оқыды.

20 қараша — BI Development Almaty бас директоры Расул Мустафин «Harvard Business School Insights» дәрісін оқыды.

24 қараша — HeadHunter Kazakhstan өкілі Бағдатұлы Мұхамед «Дұрыс түйіндеме қалай құруға болады» тақырыбында дәріс өткізді.

25 қараша — Kusto Home бас директоры және Kusto Group директорлар кеңесінің мүшесі Мурат Утемисов халықаралық девелопмент жобалары мен жылжымайтын мүлік нарығындағы трендтер туралы баяндады.

Career EXPO KazGASA жоғары оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы серіктестіктің маңыздылығын көрсетіп, студенттердің кәсіби өсуіне тиімді алаң болды.