Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) ашықтықтың, сапаның және академиялық мәдениеттің жоғары деңгейін растай отырып, Академиялық адалдық Лигасының мүшесі атанды.
Академиялық адалдық Лигасының стандарттарына сәйкес жүргізілген тәуелсіз мониторинг қорытындысы бойынша университет талаптарға сәйкестігін сәтті растады және даму деңгейлері бойынша келесі көрсеткіштермен Developing Gate — Member мәртебесіне ие болды: Developing — 20, Transforming- 14, Emerging — 4, Starting — 1.
Лигаға кіру ХБК (KazGASA) ұйымының білім беру және ғылыми қызметте ашықтық, айқындық және адалдық қағидаттарына берік ұстанымын айқындайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Бұл университеттің сенімге, жауапкершілікке және академиялық этиканың халықаралық стандарттарына негізделген жүйе қалыптастырып жатқанын дәлелдейді.
Лига мүшесі мәртебесі одан әрі даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашады — кәсіби қауымдастыққа қатысу, үздік тәжірибелермен алмасу, ішкі процестерді жетілдіру және академиялық адалдықты қамтамасыз етудің озық тәсілдерін енгізу.
ХБК (KazGASA) сапа, ашықтық және сенім басты құндылықтарға айналған заманауи білім беру ортасын жүйелі түрде қалыптастыруда.