Халықаралық білім беру корпорациясының Әскери кафедрасы запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтініштер қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Іріктеуге KazGASA, KAU, AHEU, Caspian University, Turan University, МТГУ, КБТУ, DFUK, ЕТУ, АТУ студенттері шақырылады.
Оқу аптасына бір рет әскери күн форматында жүргізіледі.
Әскери кафедрада оқу қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан басталады.
Дайындық мерзімі:
- Запастағы офицерлер — кемінде 2 жыл 5 ай.
- Запастағы сержанттар — кемінде 1 жыл 5 ай.
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасына өтініш беру тәртібі:
- 1 курс — оқу мерзімі 3 жыл болған жағдайда;
- 1–2 курстар — оқу мерзімі 4 жыл болған жағдайда;
- 1–3 курстар — оқу мерзімі 5 және 6 жыл болған жағдайда.
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасына:
- 1–2 курстар — оқу мерзімі 3 жыл болған жағдайда;
- 1–3 курстар — оқу мерзімі 4 жыл болған жағдайда;
- 1–4 курстар — оқу мерзімі 5 және 6 жыл болған жағдайда.
Әскери кафедра қосымша мамандық алуға жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Әскери дайындықтың толық курсын аяқтаған студенттерге «ЗАПАСТАҒЫ ЛЕЙТЕНАНТ» немесе «ЗАПАСТАҒЫ СЕРЖАНТ» әскери атағы беріледі.
Қабылдау мәселелері бойынша мына мекенжайға жүгінуге болады:
Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28 (KazGASA спорт кешені ғимараты)
Байланыс телефоны: 8-707-879-00-17
Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма,
09:00–16:30, түскі үзіліс 12:00–13:00