2026 жылғы 13-14 сәуірде Алматы қаласында Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) базасында «Креативті экономика үшін цифрлық сәулет, құрылыс және жасанды интеллект» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференцияны KazGASA және Трансұлттық білім беру жөніндегі халықаралық қауымдастық (ITEA, Малайзия) бірлесіп ұйымдастырады.
Конференцияға ғалымдар, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, сондай-ақ салалық ұйымдар мен индустриялық серіктестердің өкілдері шақырылады.
Іс-шара сәулет пен құрылыстың цифрлық трансформациясы, жобалау және басқару үдерістеріне жасанды интеллект технологияларын енгізу, креативті индустрияларды дамыту, сондай-ақ ғылыми-білім беру және инновациялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауға арналған кәсіби алаңға айналады.
Бағдарлама аясында пленарлық отырыстар, тақырыптық секциялар және тәжірибе алмасуға, ғылыми зерттеулерді таныстыруға және халықаралық серіктестікті дамытуға бағытталған пікірталас алаңдары жоспарланған.
Қатысу шарттары туралы толық ақпарат ақпараттық хатта көрсетілген.
Ғылыми қауымдастық өкілдерін конференция жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз.