2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) ректоры болып бұған дейін ХБК провосты (бірінші проректоры) қызметін атқарған Сабденалиев Бахтияр Асылбайұлы тағайындалды.
Халықаралық білім беру корпорациясы Бахтияр Асылбайұлын жаңа қызметке кірісуімен құттықтайды және оның кәсіби біліктілігі, стратегиялық көзқарасы мен көпжылдық тәжірибесі университеттің одан әрі дамуының, академиялық әлеуетін нығайтудың және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің сенімді негізі болатынына зор сенім білдіреді.
Бахтияр Асылбайұлына алдағы міндеттерді табысты жүзеге асыруды, жаңа жетістіктер мен білім саласына және болашақ ұрпақ игілігіне арналған еңбегінде шабыт тілейміз!