2026 жылғы 20 ақпанда Energo University-де 16 жоғары оқу орнының командасын біріктірген жыл сайынғы JBRLA жоғары оқу орындары арасындағы би байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша ХБК -ның (KazGASA) GasaFusion командасы бірінші орынға ие болып, 150 000 теңге көлеміндегі бас жүлдені жеңіп алды.
Gasa Fusion би командасы 2024 жылы құрылған және сол уақыттан бері академия атынан қалалық және республикалық байқауларға белсенді қатысып, жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық көзқарасты және командалық бірлікті көрсетіп келеді. JBRLA байқауындағы жеңіс қатысушылардың кәсіби өсуі мен шығармашылық әлеуетінің тағы бір дәлелі болды.
Команданың өнер көрсетуі кәсіби қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша Gasa Fusion мүшелеріне кәсіби би ұжымына қосылу туралы ұсыныстар жасалды, бұл олардың шеберлігінің қалалық би қауымдастығы деңгейінде мойындалғанын көрсетеді.
ХБК (KazGASA) Gasa Fusion командасын лайықты жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейді.