2025 жылғы 9-11 тамыз аралығында Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) базасында Urban Forum Kazakhstan ұйымдастыруымен еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 жас маман мен энтузиастарды — дизайнерлерді, сәулетшілерді, экологтарды, урбанистерді, суретшілерді, инженерлерді, социологтарды біріктірген «Creathon 2025» шығармашылық марафоны өтті. Марафон «Шеврон» компаниясымен бірлесе өткізілетін Tabiğat Labs экобілім беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
18 бен 35 жас аралығындағы қатысушылар зертхана-шеберхана форматында 48 сағаттық қарқынды жұмыс атқарып, төрт командада қалалық ортаны неғұрлым тұрақты, қолжетімді және қамқор ету жолдарын іздеді. Марафонның тақырыбы — «Қалалық ортадағы тұрақтылық және инклюзивтілік», басты сұрақ: қалаларды баршаға ашық, достық әрі экологиялық ету үшін не істеу керек?
Марафон барысында командалар бірлескен дизайн, креативті ойлау және пәнаралық өзара іс-қимыл әдістерін қолданып, қалалық және инклюзивті мәселелерді шешудің инновациялық тәсілдерін ұсынды.
Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) тұрақты қалаларды және инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдап, өмір сапасын өзгертуге қабілетті идеяларды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу алаңдарын құрады.
Барлық әзірленген жобалар мен прототиптер 15 тамыз күні Алматы Бас Ботаникалық бағында өтетін InEco Fest инклюзия және экология фестивалінде таныстырылып, қонақтар жас креаторлардың қала болашағын қалыптастыруға қосқан үлесін бағалай алады.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024