2025 жылғы 28 қарашада «Атрикс-Строй» ЖШС-нің Бас Жобалаушы Сәулетшісі, шығармашылық байқаулардың дипломанты, ААСИ–ҚазБАСА сәулет факультетінің түлегі Сақабай Нүрбайұлының «Қазіргі жағдайдағы сәулетшінің қалыптасу мәселелері: шығармашылық тұжырымдамалар және жалпы даярлық» тақырыбында дәрісі өтті Дәріс МОК Сәулет мектебінің «Қала құрылысы және жобалау негіздері» кафедрасының «Қала құрылысы» секциясының шығармашылық және әдістемелік қызметін жандандыру мақсатында «Сәулеттік-қалақұрылыстық типология» пәні аясында ұйымдастырылды.
Дәріс студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, қызу пікірталасқа ұласты. Әртүрлі типологиялық топтар мен кезеңдерге жататын жобалар мысалында болашақ мамандар үшін зор тәрбиелік маңызы бар сәулетшінің қалыптасуындағы маңызды қырлар көрсетілді Іс-шара жоғары оқу орнының 45 жылдығына арналды және Alma Mater-дің әртүрлі ұрпақтары арасындағы сабақтастықтың дамуына ықпал етеді