Халықаралық білім беру корпорациясында «Ашық есіктер күні» өткізіледі!
Халықаралық білім беру корпорациясы — Қазақстандағы сәулет білімінің флагманы-Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ-Америка университетінің құқықтық мирасқоры.
ХБК жыл сайын түрлі салалар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлап шығарады.
Біз байланыс және телекоммуникация саласында жоғары білікті, кәсіби, көптілді мамандарды даярлаймыз.
Сіздерде оқу орнына келіп, оқу аудиторияларын, зертханаларды, оқу залын аралап, қазіргі студенттік өмірмен танысу мүмкіндігі бар!
Құрметті мектептердің, колледждер мен білім беру орталықтарының әкімшілігі!
Халықаралық білім беру корпорациясы ұйымдасқан оқушылар топтарын кампусымызға экскурсияға және ХБК құрамына кіретін жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары бойынша топтық консультацияларға шақырады.
Егер сіздің оқу орныңыз осындай іс-шараларды ұйымдастыруға мүдделі болса, мекеме басшылығы тарапынан ресми сұраныс хатын info@mok.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
Хатыңызда жоспарланған сапар күнін, оқушылар мен еріп жүруші тұлғалардың санын және қызығушылық танытқан білім беру бағыттарын көрсетулеріңізді өтінеміз.
Біз кәсіби бағдар беру мен оқушылар мен колледж студенттері үшін білім алу мүмкіндіктері бойынша ынтымақтастыққа дайынбыз.
Құрметпен,
ХБК Маркетинг департаменті
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024