2025 жылғы 29 қыркүйекте Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Асхат Омаровтың студенттермен ашық пікірталас форматында өткен қонақ дәрісі өтті. Дәрістің алғашқы минуттарында спикер диалогқа дайын екенін білдіріп, жас мамандарды алаңдататын маңызды мәселелерге назар аударуды ұсынды.
Асхат Омаров — Қазақстанның ең ірі девелоперлік және құрылыс компаниясы, BI Group басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі, сондай-ақ ХБК (KazGASA) қамқоршылар кеңесінің мүшесі.
Ол — еліміздегі қалалардың келбетін өзгертіп жатқан табысты кәсіпкер әрі көшбасшы. Дәріс барысында ол BI Group компаниясының жаңа жобалары, девелопменттегі трендтер және бизнеске келу жолы туралы ақпаратпен бөлісті.
Асхат Омаров өз сөзінде қазіргі уақытта технологиялар мен нарықтың жылдам өзгеріп жатқан жағдайында проактивтілік, кәсіби дамуға ұмтылыс және нәтижеге бағытталу аса бағаланып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, табысты мамандарды «күтуден 1%-ға артық жасау» қабілеті ерекшелендіреді.
Дәрісте BI Group компаниясында кейде қойылатын сұрақтардың бірі мысалға келтірілді: «Сіз ақысыз жұмыс істеуге дайынсыз ба?» Асхат Омаров бұл жерде ақысыз жұмысқа емес, кандидаттың даму үшін ішкі мотивациясын тексеретінін, тек материалдық пайдаға ғана емес, кәсіби өсуге бағытталуын анықтау екенін атап өтті.
Спикер сондай-ақ қаланың құрылысы мәселелеріне ерекше назар аударды, заманауи инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру кезінде жергілікті контексті мен мәдени сәйкестікті сақтау маңыздылығын атап өтті.
Сапар аясында Асхат Омаров ХБК (KazGASA) лабораториялық базасын аралап, оған экскурсия ұйымдастырылды, сондай-ақ UNESCO кафедрасына барып, оқытушылармен қалалық ортаны дамытуда тарихи-мәдени мұраны сақтау маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.