2025 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен мегаполис әкімдігі жанынан құрылған Ғылым және технологиялар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес құрамына Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Жангазы Нуржанович Молдамуратов енді.
Отырыс барысында Алматы әкімі Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған міндеттердің өзектілігін, әсіресе жасанды интеллект саласындағы мәселелерді атап өтті. Жақын уақытта елімізде осы салаға жауапты министрлік құрылмақ, ал Алматы бүгінде Қазақстанның жетекші ІТ-хабы болып табылады: елдегі 254 инновациялық компанияның 52-сі оңтүстік астанада орналасқан.
Кеңес осы бағыттарды жүйелі дамытуға және қаланың тұрақты дамуына ықпал ететін инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған.
Жангазы Нуржанович Молдамуратовтың Кеңес жұмысына қатысуы Алматының маңызды міндеттерін шешуге бағытталған өзекті бастамалар мен ұсыныстарды ілгерілетуге елеулі үлес қосатынына сенімдіміз.