Академиялық ұтқырлық

ХБК-дағы академиялық ұтқырлық бағдарламалары:

Студенттердің академиялық ұтқырлығы (АҰ) — бұл бір семестр немесе оқу жылы бойы шетелдік әріптес жоғары оқу орнында оқуға мүмкіндік беретін бағдарлама, оқу нәтижелері транскрипт арқылы расталады.

АҰ бағдарламасына қатысушы студенттердің:

  • Оқу мерзімі
  • Қатысушылар саны
  • Ауысу жағдайлары
  • Тәжірибе алу мүмкіндіктері
  • Тұру шарттары

жоғарыда көрсетілген барлық параметрлер әрбір нақты жағдайда ХБК (Халықаралық Білім Корпорациясы) мен әріптес жоғары оқу орны арасында келісім шарттамасында немесе оған қосымшаларда нақты көрсетіледі.

Saga University (Жапония) академиялық ұтқырлық бағдарламасы

2026-2027 оқу жылының күзгі семестріне Saga University-де оқу үшін конкурс жарияланды. 2 орын бөлінген.

Құжат қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 24 сәуірге дейін

Бағдарламалар:
Science and Engineering (оқыту тілі — ағылшын)
— бакалавриат: SPACE-SE-B
— магистратура: SPACE-SE-G (соның ішінде Architectural Design, Civil Engineering)

Кімдер қатыса алады:
Сәулет, құрылыс және инженерия мектептерінің бейінлік бағыттары бойынша бакалавриат және магистратура студенттері.

Талаптар:
— ағылшын тілі деңгейі B2 және одан жоғары (IELTS 6.0 / TOEFL)
— GPA 3.5-тен төмен емес
— кемінде 2 курс аяқталған болуы қажет

Қажетті құжаттар:
— өтініш-анкета
— ұсыныс хат
— оқу орнынан анықтама
— транскрипт
— тіл деңгейін растайтын сертификат
— қаржылық қамтамасыз ету туралы құжат
— паспорт көшірмесі
— Certificate of Eligibility алу үшін өтініш (Excel форматында)
— JPEG форматындағы фото

Медициналық анықтама талап етілмейді.

Құжаттарды Халықаралық бөлімге (303 кабинет) қағаз және электронды түрде тапсыру қажет.

Қырғызстандағы академиялық ұтқырлық

2026–2027 оқу жылының күзгі семестріне Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті им. И. Раззакова университетінде оқу үшін конкурс жарияланды.
10 орын қолжетімді (өзін-өзі қаржыландыру негізінде)

 

Өтінім беру мерзімі: 20 сәуірге дейін
Сұрақтар бойынша: 303 кабинет

Кім қатыса алады:
— сәулет, дизайн, құрылыс және инженерия мектептерінің бакалавриат студенттері
— GPA 3.0 жоғары
— академиялық және қаржылық қарызы жоқ студенттер
1 курс және бітіруші курс студенттері қатыса алмайды

 

Қажетті құжаттар:
— паспорт көшірмесі
— ағылшын тіліндегі транскрипт
— мотивациялық хат

Литвадағы академиялық ұтқырлық

2026-2027 оқу жылының күзгі семестріне Kauno Kolegija университетінде оқу үшін конкурс жарияланды.

 

5 орын:
— 4 орын (өзін-өзі қаржыландыру негізінде)
— 1 орын Erasmus+ бағдарламасы бойынша

 

Өтінім беру мерзімі: 30 сәуірге дейін
Сұрақтар бойынша: 303 кабинет

 

Қатыса алады:
— инженерия және дизайн мектептерінің бакалавриат студенттері
— GPA 3.5 жоғары
— академиялық және қаржылық қарызы жоқ студенттер

1 курс және бітіруші курс студенттері қатыса алмайды

 

Ағылшын тілі бойынша талаптар (B2 деңгейінен төмен емес):
IELTS 6.0+ / TOEFL / TOEIC / CAE / FCE

 

Қажетті құжаттар:
— паспорт көшірмесі
— ағылшын тіліндегі транскрипт
— мотивациялық хат

Академиялық ұтқырлық түрлері:

ҚР БҒМ «Шетелдегі семестр» бағдарламасы

Erasmus + бағдарламасы


MEVLANA ауысу бағдарламасы

Халықаралық стипендиялық бағдарламалар

Байланыс

Сұрақтарыңызға жауап алу үшін бізбен хабарласыңыз!

Кері байланыс формасын толтырыңыз, біз сізбен жақын арада міндетті түрде хабарласамыз.