02.03.26

«AI-Sana» бағдарламасының II кезеңіне 100 000 қатысушыны іріктеу басталды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесіп, «Қазақстан халқына» ҚҚ қолдауымен AI-Sana бағдарламасының II кезеңіне ауқымды іріктеудің басталғанын жариялайды.

Егер сіз:

  • технологиялар мен жасанды интеллект тоғысындағы бағытта жұмыс істегіңіз келсе;
  • өзіңіздің AI-жобаларыңызды іске қосқыңыз келсе;
  • еліміздегі ең ірі AI-қозғалыстың бір бөлігі болғыңыз келсе —
    мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Кімдер қатыса алады?
• ҚР жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары және докторанттары
• «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алушылар (2026)
• ЖИ бойынша базалық курстардан өткендер
• Ағылшын тілін базалық деңгейде меңгергендер

Тестілеу мерзімі:
2026 жылғы 2–15 наурыз (23:59-ға дейін)

Қалай қатысуға болады?
https://aisanatesting.kz
немесе https://aisana.gov.kz

Қатысушыларға не беріледі?
• Халықаралық сарапшылардан білім алу (Stanford, MIT, Кремний алқабының венчурлік қорлары)
• Python тілінде және ЖИ құралдарымен практикалық жұмыс
• Кәсіпкерлік ойлау және стартаптық тәсіл
• Қазақстан салалары бойынша нақты кейстермен жұмыс
• Өз бизнес-жоспарыңызды әзірлеу
• Alem.ai резиденті болу мүмкіндігі

Тест 25 сұрақтан тұрады (120 минут). Бағалау кезінде нәтиже ғана емес, орындау уақыты да ескеріледі.

Еліміздің технологиялық болашағының бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Толығырақ: https://aisana.gov.kz