03.11.26

Жаңа деңгейдегі халықаралық мойындау: Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) QS World University Rankings: Asia 2027 рейтингіне алғаш рет еніп, Орталық Азияның ТОП-100 жоғары оқу орнының қатарына қосылды

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) алғаш рет QS World University Rankings: Asia 2027 – жоғары оқу орындарын бағалайтын ең беделді халықаралық рейтингтердің біріне еніп, Азияның ауқымды академиялық кеңістігінде өз орнын айқындады.

Бағалау нәтижесі бойынша Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) Азия университеттері арасында 1501+ рейтингілік тобына еніп, Орталық Азияның ТОП-100 жоғары оқу орнының қатарынан көрінді.

QS Asia 2027 рейтингі өз тарихындағы ең ауқымды көрсеткішке қол жеткізді. Биыл рейтингке 1720-дан астам университет енгізіліп, 190-нан астам жоғары оқу орны алғаш рет қатысқан, ал 420-дан астам университет өз позицияларын жақсартқан. Рейтингтің географиялық ауқымы Азияның 26-дан астам елі мен аумағын қамтыды.

Аймақтағы ірі білім беру жүйелері арасындағы бәсекелестік те артып келеді. Қытай, Үндістан және Корея Республикасы рейтингтің жаңа қатысушылары арасында белсенді ұсынылған. Осындай жағдайда Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) рейтингке алғаш рет енуі ерекше маңызға ие. Бұл академияның халықаралық академиялық кеңістіктегі әлеуетін және Азия университеттері арасындағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) QS World University Rankings: Asia 2027 рейтингіне алғаш рет енуі және Орталық Азияның ТОП-100 жоғары оқу орнының қатарына қосылуы – академия тарихындағы маңызды белес әрі стратегиялық дамуының жаңа кезеңі.

Бұл жетістік профессор-оқытушылар құрамының, зерттеушілердің, қызметкерлер мен студенттердің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Ол ғылыми қызметті дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және білім беру сапасын одан әрі арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) халықаралық академиялық аренадағы өз орнын нығайта түсуде.
QS Asia рейтингіне алғаш рет ену – жаңа даму кезеңінің, тың мүмкіндіктер мен биік мақсаттардың бастауы!