27.10.26

Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) студенті «DULATY -FASHION DAY» халықаралық байқауында топ жарды

Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) студенті Сезім Рахымжан «DULATY — FASHION DAY» («Халықтар мұрасы – әлем мұрасы») халықаралық шығармашылық конкурс-фестиваліне қатысты. Іс-шара М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде өтті.

«DULATY – FASHION DAY» байқауы халықтардың мәдени мұрасын сақтап, насихаттау идеясын тоғыстырды. Сонымен қатар ұлттық дәстүрлердің заманауи шығармашылыққа шабыт беретін маңызды қайнар көзі екенін көрсетті.

Байқауға қатысқан 179 үміткердің арасынан Сезім жүлделі III орынға ие болды.

Халықаралық шығармашылық сайыс студентке өзінің талантын, креативті ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін танытуға, сондай-ақ басқа қатысушылармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар жас мамандардың кәсіби дамуына жол ашып, олардың шығармашылық даралығын қалыптастыруға және заманауи дизайн мен өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.