2026 жылғы 21 қазанда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) ПД-24 тобының студенттеріне арналған «Жобалық графика» пәнінен ашық сабақ өтті.
Аталған сабақ студенттердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, жобалау саласындағы теориялық білімдерін бекітуге және графикалық бейнелеу дағдыларын дамытуға бағытталды. Оқу үдерісінде жобалық графиканың болашақ сәулет және дизайн мамандары үшін маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Ашық сабақтарды ұйымдастыру білім беру сапасын арттыруға, тәжірибеге бағдарланған оқытуды дамытуға және студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді.