Академия құрылымында сәулет-құрылыс саласының негізгі бағыттарын қамтитын және қолданбалы зерттеулердің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін 27 ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді.
«FabLab» макет шеберханасы
Сәулеттік идеяларды физикалық модельдерге айналдыруға арналған заманауи кеңістік:
әртүрлі пішіндер мен конфигурацияларда ағаш макеттерін дайындау
академияның оқу және көрмелік мақсаттарына арналған прототиптер мен өнімдерді жасау
«Сейсмоплатформа» зертханасы
Сейсмикалық әсерлерге төзімділікті зерттеу орталығы:
макеттер мен құрылыс конструкцияларын сейсмикалық төзімділікке сынау
жобаланатын ғимараттардың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында объектілердің жер сілкінісі кезіндегі мінез-құлық параметрлерін талдау
«Құрылыс геотехникасы» зертханасы
Ғимараттардың негіздерінің тұрақтылығын ғылыми қамтамасыз ету:
геотекстиль материалдарын созылуға сынау
құрылымдардың сенімділігіне әсер ететін топырақтың ығысуы, шөгуі және басқа да физика-механикалық сипаттамаларын зерттеу