19.06.26

ХБК-да Hanwon Forum Architectural Group өкілдерімен студенттер мен түлектердің кездесуі өтті

ХБК-да Hanwon Forum Architectural Group өкілдерімен студенттер мен түлектердің кездесуі өтті

2026 жылғы 19 маусымда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) жоғары курс студенттері мен түлектердің Оңтүстік Кореяның Hanwon Forum Architectural Group компаниясының өкілдерімен, компанияның бас директоры Ли мырзаның (Mr. Lee) жетекшілігімен кездесуі өтті.

Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты дамыту және сәулет, қала құрылысы мен дизайн салаларындағы студенттер мен жас мамандардың кәсіби өсу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Hanwon Forum Architectural Group өкілдері компанияның қызметімен таныстырып, сәулеттік жобалау, дизайн және мастер-жоспарлау салаларындағы жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады, сондай-ақ халықаралық нарықтағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ерекше назар сәулет саласының заманауи даму үрдістеріне және жаһандық кәсіби ортада жұмыс істейтін мамандарға қойылатын талаптарға аударылды.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын ақылы тағылымдамадан өту және Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасу мәселелері тудырды. Компания өкілдері үміткерлерге қойылатын талаптар, іріктеу шарттары, халықаралық командаларда сұранысқа ие кәсіби құзыреттер, сондай-ақ жас мамандардың мансаптық даму перспективалары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер мен түлектерге өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға, шетелде кәсіби даму мүмкіндіктерін талқылауға және сәулет пен қала құрылысы саласындағы халықаралық тәжірибемен танысуға мүмкіндік берді.

Hanwon Forum Architectural Group компаниясы ХБК-ның (KazGASA) талантты түлектерін тартуға және университетпен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді. Компания студенттер мен түлектерге Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өту және кейіннен халықаралық жобаларға қатысу мүмкіндігімен жұмысқа орналасу бағдарламаларын ұсыну мүмкіндігін қарастыруда.