26.06.26

ХБК Università Politecnica delle Marche университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ХБК Università Politecnica delle Marche университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 26 маусымда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) университет басшылығының Università Politecnica delle Marche (Марке политехникалық университеті, Италия) ректоры, профессор Энрико Квальяринимен (Prof. Enrico Quagliarini), итальяндық университет делегациясымен және CIMEA Central Asia орталығының өкілдерімен ресми кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар академиялық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, бірлескен білім беру жобаларын дамыту және халықаралық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Сапардың негізгі оқиғасы Халықаралық білім беру корпорациясы базасында Foundation бағдарламасын ашуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты түрде қол қою болды. Бағдарламаны іске асыру қазақстандық және шетелдік талапкерлерді халықаралық білім беру бағдарламалары бойынша оқуға даярлау мүмкіндіктерін кеңейтіп, білім беруді интернационалдандыруды дамытудағы маңызды қадамға айналады.

Меморандумға қол қою тараптардың жоғары білім беру саласындағы ұзақ мерзімді академиялық әріптестікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға деген ұмтылысын растады.

Халықаралық білім беру корпорациясы студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырып, халықаралық академиялық ортаны дамыту мақсатында әлемнің жетекші университеттерімен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда.