15.06.26

ХБК-та IES Research Solutions компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

ХБК-та IES Research Solutions компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

2026 жылғы 15 маусымда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) IES Research Solutions компаниясының жетекшісі доктор Вуэй Фумен (Dr. Woei Fu Wong, Сингапур) жұмыс кездесуі өтті. Компания университеттердің халықаралық академиялық беделін дамытуға, ғылыми зерттеулердің көрінуін арттыруға және ғылыми қызмет нәтижелерін әлемдік деңгейде ілгерілетуге маманданған.

Кездесу барысында тараптар халықаралық ғылыми коммуникацияны дамыту, ғылыми жарияланымдардың көрінуін арттыру, университеттердің әлемдік академиялық кеңістіктегі позицияларын нығайту және зерттеу нәтижелерін халықаралық аудитория арасында кеңінен таныту мәселелерін талқылады.

Ғылыми еңбектердің дәйексөзделу деңгейін арттыру, халықаралық зерттеу ынтымақтастығын дамыту, университеттің академиялық беделін нығайту және ғылыми коммуникацияның тиімді құралдарын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.