2026 жылғы 19 мамырда Халықаралық білім беру корпорациясына (KazGASA) Францияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі — әлемдік рейтингтер бойынша үздік университеттер қатарына кіретін National School of Architecture Paris-Malaquais – PSL University делегациясы келді (CWUR — 19-орын, QS — 28-орын, ARWU Shanghai — 33-орын, THE — 42-орын).
Делегация құрамында:
- Mr. Frédéric Moreau — халықаралық байланыстар бөлімінің жетекшісі;
- Ms. Agnès Bousset — үйлестіруші.
Сапар аясында ХБК (KazGASA) өкілдерімен ресми кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ сәулет саласындағы білім беру тәжірибесімен алмасу мәселелерін талқылады.
Қонақтарға ХБК (KazGASA) білім беру бағдарламалары, университеттің халықаралық бастамалары, ғылыми қызметі және кампус инфрақұрылымы таныстырылды.
Келіссөздер барысында жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік байланыстарды дамытуға, академиялық алмасуды кеңейтуге және сәулет, дизайн және қалалық ортаның тұрақты дамуы саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.