2026 жылғы 24 сәуірде Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Dizzy компаниясының Riksamin C Vitamin сусынына арналған маскот жасау байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау Дизайн мектебінің «Графикалық дизайн» білім беру бағдарламасының студенттері арасында өтіп, конкурс жұмыстарынан құралған көрмемен аяқталды.
Жоба академия мен бизнес арасындағы тиімді ынтымақтастықтың үлгісіне айналып, студенттерге нақты тапсырыс берушімен шынайы жобамен жұмыс істеу мүмкіндігін берді. Мұндай формат қатысушыларға тәжірибелік дағдыларды дамытуға, кәсіби деңгейін арттыруға және өз портфолиосын өзекті жобалармен толықтыруға мүмкіндік берді.
Байқауға 3-курс студенттері қатысты. Жалпы 142 жұмыс ұсынылып, оның ішінде сараптамалық қазылар алқасы 20 финалисті іріктеп алды. Қорытынды кезеңде студенттер, оқытушылар және компания өкілдерінің қатысуымен ашық дауыс беру өтті.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
- 1 орын — Газиза Кошмагамбет
- 2 орын — Мадина Исаева
- 3 орын — Венера Тукубаева
Сондай-ақ Dizzy компаниясының жоғары бағасына ие болған жұмыстары үшін Айдана Мусазаева мен Милана Хамитова дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Байқау ұйымдастырушылары студенттерді дайындауға және іс-шараны өткізуге қосқан үлесі үшін оқытушылар Диана Радионовна Ахмерова мен Шалқар Айдынұлы Турғановқа алғыс білдірді.
Байқау мен көрмені өткізу ХБК (KazGASA) білім беру үдерісіндегі тәжірибеге бағытталған тәсілдің бір бөлігі болып, студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және индустриялық серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.