25.04.26

ХБК «Study in Kazakhstan» республикалық білім беру көрмесіне қатысты

2026 жылғы 13-25 сәуір аралығында Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) өкілдері «Study in Kazakhstan» республикалық білім беру көрмесіне қатысты. Көрме Қазақстанның 40-қа жуық жетекші жоғары оқу орындарын, сондай-ақ шетелдік университеттердің филиалдары мен білім беру орталықтарын біріктірді.

Көрме талапкерлерді Қазақстанда жоғары білім алу мүмкіндіктері, білім беру бағдарламаларын таңдау және кәсіби траекторияны қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттандыруға бағытталды. Бағдарлама аясында кәсіптік бағдар беру сессиялары өткізілді, онда қатысушыларға сұранысқа ие мамандықтар, білім гранттары және мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсынылды.

Келушілер үшін интерактивті алаңдар ұйымдастырылып, ақпараттық материалдар таратылды және жоғары оқу орындарының өкілдерімен жеке консультациялар өткізілді.

ХБК (KazGASA) өкілдері көрмеге Алматы, Қаскелең, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында қатысты.

ХБК (KazGASA) «Study in Kazakhstan» көрмесіне қатысуы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын кеңейтуге, талапкерлермен өзара байланысты нығайтуға және академияның білім беру бағдарламаларының танымалдылығын республикалық деңгейде арттыруға ықпал етті.