21.04.26

ХБК-да MAURER SE компаниясының өкілімен кездесу өтті

2026 жылғы 21 сәуірде Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) ректор Бахтияр Асылбайулы Сабденалиевтің MAURER SE компаниясының (Мюнхен, Германия) сату жөніндегі директоры Марк Бреслермен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. MAURER SE компаниясымен өзара қарым-қатынас бірнеше жылдан бері табысты жүзеге асырылып келеді және университеттің ғылыми және білім беру қызметін қолдауға бағытталған.

ХБК (KazGASA) жас ғалымдарын қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. MAURER SE компаниясы жыл сайын ғылыми зерттеулер жүргізуге және білім алушылардың ғылыми бастамаларын дамытуға бағытталған қаржылық қолдау көрсетеді.

Кездесу тараптардың серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және ғылым мен білім беру саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға өзара мүдделілігін растады.