11.04.26

ХБК делегациясы Қытайдағы CIEET 2026 көрмесіне қатысты

2026 жылғы 10-11 сәуір аралығында Бейжің қаласында Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) делегациясы Азиядағы ең ірі білім беру алаңдарының бірі — 31-ші Қытай халықаралық білім беру көрмесіне (China International Education Exhibition Tour, CIEET 2026) қатысты.

Көрмені Chinese Service Center for Scholarly Exchange ұйымдастырып, оған әлемнің жетекші университеттері, білім беру ұйымдары, сарапшылар және мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты. Бағдарлама аясында жаһандық білім беру кеңістігін дамыту, академиялық ұтқырлық және халықаралық білім сапасын арттыру мәселелеріне арналған China Study Abroad Forum 2026 халықаралық форумы өтті.

Іс-шара барысында ХБК (KazGASA) өз білім беру бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу әлеуетін және негізгі халықаралық бастамаларын таныстырды. Делегация шетелдік университеттер мен серіктес ұйымдармен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізіп, академиялық ынтымақтастық перспективаларын, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту мәселелерін талқылады.

Сапар аясында ХБК (KazGASA) делегациясы Beijing University of Civil Engineering and Architecture (BUCEA) және China Academy of Building Research (CABR) ұйымдарын да аралап, олардың басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында KazGASA-ның 45 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды.

CIEET 2026 көрмесіне қатысу халықаралық байланыстарды нығайтуға, серіктестік географиясын кеңейтуге және KazGASA-ның жаһандық білім беру кеңістігіндегі танымалдылығын арттыруға мүмкіндік берді.

ХБК (KazGASA) делегациясының халықаралық көрмеге қатысуы университеттің халықаралық ынтымақтастықты дамыту, қазақстандық білімді әлемдік деңгейде ілгерілету және жаһандық академиялық қауымдастыққа интеграциялану бағытындағы белсенді ұстанымын растайды.