2026 жылғы 6–7 сәуірде Халықаралық білім беру корпорациясында Ғылым декадасы аясында KazGASA-ның 45 жылдығына орай, XXVI Республикалық студенттік ғылыми конференция өтті.
Конференцияға Қазақстан Республикасының 26 жоғары оқу орнынан 400-ден астам студент пен магистрант қатысып, түрлі бағыттар бойынша ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды. Конференция жұмысы 19 секция бойынша ұйымдастырылып, сәулет, құрылыс, дизайн, инженерия, геодезия және картография, ақпараттық жүйелер, экология, экономика және менеджмент сияқты бағыттарды қамтыды.
Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, зерттеу тақырыптарының өзектілігін және ұсынылған жұмыстардың практикалық маңыздылығын көрсетті. Конференция ғылыми идеялармен алмасу, зерттеу дағдыларын дамыту және жас ғалымдардың кәсіби қауымдастығын қалыптастыру алаңына айналды.
Студенттік ғылыми конференцияны өткізу ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, студенттердің бастамаларын қолдауға және инновациялар мен кәсіби дамуға бағытталған академиялық ортаны нығайтуға ықпал етеді.