KazGASA-ның 45 жылдығын мерекелеу аясында университет серіктесі «АкЖол» ЖШС Сәулет мектебіне заманауи интерактивті панель сыйға тартты.
Сәулет мектебі студенттерінің білім беру үдерісінде FabLab зертханасының маңызды рөлін, сондай-ақ макет станоктарында және арнайы жабдықтарда жұмыс істеу арқылы практикалық дағдыларды дамытудағы үлесін ескере отырып, панельді оқу және жобалық қызметте тиімді пайдалану мақсатында зертханаға беру туралы шешім қабылданды.
Жаңа жабдық білім беру және ақпараттық контентті көрсетуге арналған. Қазіргі уақытта панель бірінші қабаттағы FabLab зертханасының көрме аймағында орнатылып, белсенді түрде қолданылуда. Алдағы уақытта оны оқу процесінде және презентациялық іс-шараларда кеңінен пайдалану жоспарлануда.
Айта кету керек, панель Ғылым декадасының алғашқы күнінде-ақ қолданылып, онда FabLab жетістіктері мен жобалары көрсетілді.
Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) «АкЖол» ЖШС-не білім беру инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Сәулет мектебіне FabLab зертханасын дамытудағы бастамасы үшін шынайы алғысын білдіреді.