Студенттер үйі

№1 Студенттер үйі

Мекенжайы: Торайғыров көшесі, 33/1

№2 Студенттер үйі

Мекенжайы: Ладыгин көшесі, 32

№3 Студенттер үйі

№1 Студенттер үйінің жанында

Студенттер үйі №1
Мекенжай: Торайғыров көшесі, 33/1
Бөлмелер:
– 2 орындық — 60 000 тг/ай
– 5/6 орындық — 50 000 тг/ай
Қайтарымды депозит: 20 000 тг (жыл басында төленеді, шыққанда қайтарылады)
Маңызды: төлем бірден 5 айға + қайтарымды депозит

Студенттер үйі №2
Мекенжай: Ладыгин көшесі, 32
Бөлмелер:
– 2 орындық — 55 000 тг/ай
– 4 орындық — 50 000 тг/ай
– 6 орындық — 45 000 тг/ай
Маңызды: төлем бірден 5 айға

Студенттер үйі №3 (жаңа «KazGASA Accommodation» жатақханасы)


Бөлмелер: 3 орындық, барлық жағдай жасалған
Бағасы: 85 000 тг/ай
Қайтарымды депозит: 20 000 тг (жыл басында төленеді, шыққанда қайтарылады)
Маңызды: төлем бірден 5 айға + қайтарымды депозит

Депозит туралы
Жатақханаға орналасу кезінде 20 000 тг қайтарымды депозит алынады.
Бұл кепілдік сома оқу жылы соңында немесе шыққан кезде қайтарылады, егер бөлмеде зақым жоқ болса және мүлік бүлінбесе.

Егер бөлмеде зақым, жиһаздың немесе техниканың бүлінуі анықталса, депозит сомасы шығынды өтеуге ұсталады.
Депозитті қайтару үшін өтініш жазу қажет.

  1. Әрбір абитуриент құжаттарды тапсырған кезде Студенттер үйінде (СҮ) орынға өтініш қалдырады (оқушының әлеуметтік мәртебесін растайтын барлық қажетті құжаттарды, соның ішінде толық құжаттар жинағын қоса жібереді):

  2. Студенттер үйіндегі орындар өз қаласынан тыс оқитын және орын қажет ететін оқушыларға беріледі.

  3. Мемлекеттік гранттар бойынша өткендердің тізімі жарияланғаннан және оқу орнына қабылданғаннан кейін арнайы құрылған комиссия барлық өтініштерді қарайды. Мемлекеттік гранттар жарияланған күннен бастап тізімдерді қарауға 14 жұмыс күні беріледі.

ЖОО-да Студенттер үйіндегі орындарды бөлудің автоматтандырылған жүйесі (СҮ) қолданылады. Әрбір абитуриент құжаттарды тапсырған кезде ЖОО-ның электрондық дерекқорында тіркеледі, онда СҮ-ге қажеттілік туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды қоса көрсетеді. Жоғары курс студенттері электрондық портал арқылы өтініш береді. Жүйе әрбір тармақ бойынша балл қояды және автоматты түрде рейтингтеуді жүргізеді.

2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №219 бұйрығына сәйкес (2023 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде №31540 ретінде тіркелген) артықшылықтар берілетін топтар:

  1. жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толмай тұрып ата-анасынан айрылған Қазақстан Республикасының жас азаматтары, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер, балалық кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

  2. үшінші топтағы мүгедектер;

  3. ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;

  4. қамқоршысынан айрылғаны үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

  5. мемлекеттік бағытталған әлеуметтік көмек алушылар, ардагерлер, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген жеңілдіктерге ие адамдар;

  6. ауыл жастарынан шыққан және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен адамдар;

  7. қандастар;

  8. сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары, мемлекеттік ЖОО немесе мемлекетке тиесілі дауыс беру акцияларының (құрылтайлық капиталдағы үлестердің) елу пайызынан астамына ие ЖОО-да оқуға түскен бірінші курс студенттері, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған ЖОО-да оқуға түскен азаматтар;

  9. «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» («Серпін – 2050») жобасы аясында оқитындар;

  10. «Алтын белгі» белгісі бар бірінші курсқа қабылданған оқушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары немесе жүлдегерлерінің сертификаты бар оқушылар, сондай-ақ білім беру ұйымын үздік бітірген абитуриенттер (білім туралы куәлік, аттестат, диплом);

  11. Бірыңғай ұлттық тестілеу немесе Кешенді тестілеу, пәндер бойынша қабылдау емтихандары немесе білім беру ұйымы өткізген тестілеу нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған бірінші курсқа қабылданған оқушылар.

Бірыңғай ұлттық тестілеу, кешенді тестілеу немесе білім беру ұйымы өткізген емтихандар нәтижелері бойынша баллдар тең болған жағдайда, оқушының материалдық жағдайы ескеріледі (2008 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес).

  1. Оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелер көрсеткен жоғары курс студенттері;

  2. Көпбалалы отбасынан шыққан студенттер (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасылар);

  3. Шетелдік студенттер халықаралық және үкіметаралық келісімдерге сәйкес студенттер үйіндегі орындармен қамтылады;

  4. Академиялық ұтқырлық бойынша студенттер ХБК-ның Халықаралық бөліміне өтініш арқылы орналастырылады;

  5. Басқа да оқушылар.

  • Ордер (тиісті мектеп деканатынан беріледі)

     

  • 3*4 фото – 4 дана

     

  • Жеке куәліктің көшірмесі – 2 дана

     

  • Флюорография суретінің көшірмесі

 

  • Сенімхаты бар тұлға немесе заңды өкілдің қатысуы (кәмелетке толмағандар үшін)
  1. Университеттен шығарылған кезде;
  2. Ішкі тәртіп ережелерін бұзған жағдайда;
  3. Оқу үдерісі регламентін бұзған жағдайда;
  4. Академиялық қанағаттанарлықсыз нәтижелер көрсеткен кезде;
  5. Студенттер үйінде үнемі болмаған жағдайда.

Студенттер үйінен шығару эксперттік комиссиянын шешімімен жүргізіледі.

1-курс студенттері үшін:

  • Өтініштерді қабылдау – абитуриенттер платформасы арқылы 10-25 тамыз

     

  • Растау – платформадағы жеке кабинетке келеді

     

  • Растау алған соң – ордер беріледі

     

Жоғары курс студенттері (2-5 курс, әлеуметтік жеңілдіктері бар):

  • Өтініштерді қабылдау – I-portal арқылы 10-25 тамыз

     

  • Растау – I-portal жеке кабинетіне келеді

     

  • Растау алған соң – ордер беріледі

     

Орналасу 25 тамыздан кейін басталады.
Әр мектеп үшін бөлек кесте 20 тамыздан кейін жарияланады.

Студенттерге арналған хостелдер жайлы толық ақпарат ХБК студенттерді орналастыру бойынша жағдайлық орталығының Telegram-арнасында
https://t.me/mokkazgasa