2026 жылғы 1 сәуірде Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) «Алматы тұрақты даму жағдайында: экологиялық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Алматы қаласының өзекті даму мәселелерін талқылау үшін ғылыми қауымдастық, жоғары оқу орындары, зерттеу орталықтары мен салалық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.
Дөңгелек үстелді: Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Бақтияр Сабденалиев, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Пәнаралық ғылымдар орталығының директоры Қуантар Алиханов алғысөзбен бастады.
Іс-шара барысында қатысушылар мегаполистің тұрақты дамуының негізгі аспектілеріне арналған баяндамалар жасады. Атап айтқанда, экологиялық мәселелер, қаланы басқаруда ESG тәсілдерін енгізу, сәулеттік бірегейлік, қалалық ортаның қауіпсіздігі және қала құрылысы регламенттерін трансформациялау мәселелері қарастырылды.
Спикерлер қатарында Генетика және физиология институты, AlmaU, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері, сондай-ақ қала құрылысы мен экология саласының сарапшылары болды.
- қалалық ортаның экологиялық жағдайы және ластануды мониторингтеу
- қалалық инфрақұрылымның тұрақты дамуы
- Алматының бірегейлігін қалыптастырудағы сәулеттің рөлі
- қалалық ортаның қауіпсіздігі мен сапасын арттыру
- постиндустриялық кезеңдегі шағын және орта қалалардың дамуы
Қатысушылар Алматы қаласының қалалық ортасын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірледі.
Мұндай іс-шараларды өткізу ХБК-ның (KazGASA) сәулет, құрылыс және тұрақты даму салаларындағы жетекші ғылыми және білім беру орталығы ретіндегі рөлін айқындай отырып, кәсіби диалогты дамытуға және қалалық ортаны жетілдіруге бағытталған шешімдер әзірлеуге ықпал етеді.