26.03.26

ХБК-да Ғылыми кеңес отырысы өтті және академияның 45 жылдығына орай қызметкерлер марапатталды

2026 жылғы 26 наурызда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Ғылыми кеңестің отырысы өтті.

Іс-шара аясында академияның дамуына елеулі үлес қосқан профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Марапаттар KazGASA-ның 45 жылдығына орай көпжылдық еңбегі, жоғары кәсібилігі және академияның дамуына қосқан үлесі үшін табысталды. 

Мерейтойлық медальдар білім беру және ғылыми қызметтің қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ тұрақты академиялық ортаны қалыптастыруға қосқан үлес үшін алғыс белгісі ретінде табысталды.