26.03.26

Халықаралық білім беру корпорациясы QS Stars бойынша 4 жұлдыз алды

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) білім беру сапасы мен басқару тиімділігінің жоғары деңгейін растай отырып, маңызды нәтижеге қол жеткізді — университет QS Stars халықаралық рейтингі бойынша 4 жұлдызға ие болды.

QS Stars жоғары оқу орындарының қызметін түрлі бағыттар бойынша кешенді бағалауға мүмкіндік беретін беделді халықаралық бағалау жүйелерінің бірі болып табылады. 4 жұлдыздың берілуі ХБК (KazGASA) білім беру, академиялық және басқару қызметінің жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді.

Бұл жетістікке ерекше мән беретін жайт — ХБК (KazGASA) бірқатар негізгі бағыттар бойынша ең жоғары 5 жұлдызға ие болды. Атап айтқанда: академиялық даму, түлектерді жұмысқа орналастыру, инженерия (азаматтық және құрылыс бағыты), тиімді басқару, сондай-ақ заманауи құндылықтарды көрсететін әртүрлілік, теңдік, инклюзия және әлеуметтік әсер.

Қол жеткізілген нәтиже білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға, академиялық ортаны дамытуға және институционалдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған жүйелі әрі дәйекті жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) халықаралық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтып, жаһандық қатысуын кеңейтіп, стратегиялық ынтымақтастық бағыттарын дамытуды жалғастыруда.