Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери қызметке азаматтарды дайындау жоғары кәсіптік білім негізінде жүзеге асырылады. Бұл оқу бағдарламасы әскери-оқытылған резервті қалыптастыру және офицерлік пен сержанттық құрамның бастапқы лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында өткізіледі.
Әскери дайындық мемлекеттік білім беру тапсырысы және ақылы негізде жүргізіледі.
Тегін оқу үшін ХБК студенттері қабылданады. Бұл орындарға тек рейтинг бойынша жоғары көрсеткіштерге ие студенттер іріктеледі (бөлінген орын санына сәйкес).
Байланыс нөмірі: +7 707 879 00 17
Құжаттар қабылданады:
Құжаттар қабылданады:
Конкурсқа күндізгі оқу нысаны бойынша ЖЖОКБҰ-да оқитын студенттер, конкурс өткізілетін жылға 24 жастан аспаған ҚР азаматтары қатыса алады.Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу конкурсы төрт кезеңде жүзеге асырылады:
Жергілікті әскери басқару органдарында (әскери комиссариаттарда)медициналық куәландырудан өту
Кәсіптік-психологиялық тестілеуді өткізу (әскери кафедрада)
Дене дайындығын тексеру (әскери кафедрада)
Жжокбұ басшысы жасайтын және бекітетін рейтингтік балдың есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу
Қосымша ақпарат
Әскери кафедра құжаттарды қабылдауды бастайды:
3 ақпаннан бастап және іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын аяқталады.
Байланыс телефоны: 8-707-879 00 17
Дүйсенбі–жұма, 9:00-ден 16:30-ға дейін