Арнайы стипендияның басты шарты – үздік академиялық үлгерім (А, А- бағалары).
Стипендия үміткерлері ХБК ректорына белгіленген үлгідегі арнайы бланкіде (№1 қосымша) өтініш жазады. Өтініште қаржылық қиындықтардың себептері көрсетілуі тиіс. Өтінішке міндетті түрде тиісті құжаттар қоса тіркелуі керек. Құжаттардың ең аз тізімі арнайы өтініш бланкісінде көрсетілген.
Өтініш онлайн түрде 2025 ж. 16 маусым — 24 маусым аралығында IPORTAL арқылы (электронды кабинет — арнайы стипендия SCHOLARSHIPS) қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша топ эдвайзерлеріне немесе мектептің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарларына жүгінуіңізді сұраймыз.
Міндетті құжаттар:
Соңғы 6 айдағы жалақы мөлшері және аударымдары көрсетілген анықтама (1С-Бухгалтерия/жалақы бағдарламалары арқылы);
Жұмыссыз болған жағдайда, ЦОН-нан (ХҚКО) алынған нөлдік табыс туралы анықтама;
Отбасы құрамын анықтау үшін жеке куәлік пен отбасы мүшелерінің туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
Зейнетақы төлемдерінің мөлшері көрсетілген табыс анықтамасы (ЦОН, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы) (егер ата-анасы зейнеткерлер болса).
Егер бар болса, қосымша құжаттар:
Отбасы мүшелерінің мүгедектігі туралы анықтама;
Ата-ананың зейнеткерлік куәлігі;
Ата-ананың еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама (уақытша немесе толық);
Соттың алимент өндіру туралы шешімі;
Ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
Ата-анасының ажырасу туралы куәлігі немесе сот шешімі;
Студенттің некелескені туралы куәлік;
Көпбалалы ана куәлігі («Алтын алқа» белгісімен марапатталған);
Ата-ананың қайта некелескені туралы куәлік (фамилия өзгерген жағдайда);
Өгей әкенің табысы туралы анықтама;
Балалар үйі немесе мектеп-интернаттан анықтама;
Ата-анасынан бас тарту туралы өтініш;
Соттың ата-ана құқығынан айыру туралы шешімі;
Кәмелетке толмаған балаларға асыраушысынан айырылған жағдайда жәрдемақы алу туралы анықтама.
Маңызды!
Міндетті құжаттар толық ұсынылмаса, өтініш қарастырылмайды!
Көрсетілген мерзімнен кеш тапсырылған өтініш қаралмайды!
Егер GPA көрсеткіші А, А- болмаса, өтініш қабылданбайды!
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024