2026 жылғы 28 қаңтарда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Design Showcase өтті. Аталған шара KazGASA-ның 45 жылдығына орай ұйымдастырылған білім беру іс-шараларының сериясы болып табылады және Ашық есік күнін, дәрістерді, сондай-ақ тәжірибелі дизайнерлермен кездесулерді қамтыды.
Design Showcase өткізу бастамасын Vertex дизайн-студиясы көтерді. Студия жетекшісі Мадина Касымбекова Дизайн мектебінің Индустриялық комитетінің мүшесі болып табылады және оқу-әдістемелік бірлестік құрамына кіреді.
Іс-шара аясында ХБК-ға (KazGASA) кәсіби дизайнерлік қауымдастықтың жетекші өкілдері келді. Олардың қатарында Vertex студиясының бас дизайнері әрі жетекшісі Мадина Касымбекова, Vertex студиясының жетекші дизайнері Екатерина Пупченок, Wabi-Sabi студиясының бас дизайнері және негізін қалаушы Виктория Баелева, BiancoNeroStudio студиясының бас дизайнері және негізін қалаушы Анна Котельникова, BRIO Interiors студиясының негізін қалаушы және жетекші дизайнері Татьяна Колесникова, Sense дизайн-студиясының жетекшісі Асет Махамбеталиев, архитектуралық орта дизайнері және InArt дизайн-студиясының жетекшісі Яна Хох, ACCORDO PRIMA авторлық интерьерлер бюросының негізін қалаушы Марина Сапунова, сондай-ақ AsNova Group ЖШС дизайнері Ирина Кузьмина болды.
Тәжірибелі дизайнерлер мен Дизайн мектебі арасындағы өзара байланысты дамыту және нығайту мақсатында арнайы бағдарлама әзірленді. Бағдарлама аясында қатысушылар Ашық есік күніне қатысты, Школа дизайнының оқытушыларымен кездесті, оқу және ғылыми-зерттеу зертханаларымен танысты, сондай-ақ студенттерге арнап шеберлік сабақтары мен дәрістер өткізуге дайын тақырыптарын ұсынды.
Ашық есік күні қорытындысы бойынша 3 және 4 курс студенттеріне арналған дәрістік және практикалық кездесулер жоспары әзірленді. Сонымен қатар Design Showcase-ке қатысқан дизайн-студиялар мен компаниялармен одан әрі ынтымақтастық және бірлескен білім беру бастамаларын іске асыру мәселелері талқыланды.