23.01.26

ХБК-да жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған Қысқы мектеп өтті

2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) жоғары оқу орындары оқытушыларының ғылыми және оқу-әдістемелік біліктілігін арттыруға бағытталған «Қысқы мектеп — 2026: Университеттің ғылыми-білім беру экожүйесі: заманауи сын-қатерлер» өтті.

Іс-шара офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, Алматы қаласындағы жетекші жоғары оқу орындарының оқытушыларын, жас ғалымдарын және докторанттарын біріктірді. Қысқы мектеп бағдарламасындағы бірқатар семинарлар ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған «QazScience» ғылыми-академиялық семинарымен интеграцияланып, еліміздің түрлі өңірлерінен ғылыми ұйым өкілдерінің қатысуына мүмкіндік берді.

Қысқы мектеп аясында ғылым, инновациялар және халықаралық білім беру бағдарламалары саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен мазмұнды семинарлар өтті. Қатысушылар ғылыми-инновациялық даму, технологияларды коммерцияландыру, сондай-ақ гранттық және халықаралық бағдарламаларға, оның ішінде Erasmus+ бағдарламасына қатысу тетіктерін талқылады. Сонымен қатар педагогикалық инновациялар, академиялық жазылым, ғылым мен білім беруді интеграциялау, сондай-ақ «Цифрлық университет архитектурасы — 2026» тақырыбында шеберлік сабақтары мен семинарлар ұйымдастырылды.

Осылайша, Қысқы мектеп кәсіби дамуға, тәжірибе алмасуға және академиялық байланыстарды нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.