16.01.26

Халықаралық білім беру корпорациясында Спартакиада – 2026 өтті

2026 жылғы 12-16 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлының жарқын рухына арналған Корпоративтік Спартакиада — 2026 өтті.

Іс-шара корпоративтік рухты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және корпорация қызметкерлері арасында спорттық дәстүрлерді дамытуға бағытталды. Спартакиада KazGASA, KAU, KazGASA мектебі, KAU мектебі, KazGASA колледжі, Digital колледжі, Verum Construction және Verum Mining компанияларының қызметкерлерін біріктірді.

Спартакиада аясында қатысушылар эстафета, шахмат, волейбол, баскетбол, мини-футбол, үстел теннисі және қол күрес (армрестлинг) сияқты спорт түрлерінен бақ сынады. Жарыстарға 12 команда қатысып, жоғары дайындық деңгейін, командалық бірлікті және нағыз спорттық мінез көрсетті.

Спартакиада — 2026 қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: І орын — «Сұңқар» командасы (KazGASA), ІІ орын — «Жас Қыран» командасы (KazGASA колледжі), ІІІ орын — «Барыс» командасы (KAU мектебі). Жалпы жүлде қоры 2 200 000 теңгені құрады.

Халықаралық білім беру корпорациясы барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге белсенді қатысулары, қолдаулары және бірлік пен ұйымшылдық атмосферасын қалыптастыруға қосқан үлестері үшін шынайы алғыс білдіреді. Спартакиада — 2026 жарқын спорттық оқиғаға және командалық рух пен достықтың нағыз мерекесіне айналды.