2025 жылғы 17 желтоқсанда Халықаралық білім беру корпорациясына (KazGASA) «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС делегациясы директор Сұлтанбеков Жапсарбай Сұлтанбекұлының басшылығымен келді.
Сапар аясында делегация өкілдері ХБК (KazGASA) базасында жұмыс істейтін зертханалық инфрақұрылыммен танысып, оның ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға арналған әлеуеті мен техникалық мүмкіндіктерін жоғары бағалады.
Келіссөздер барысында тараптар бірлескен ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, ғылыми жобаларды іске асыру, сондай-ақ бейінді бағыттар бойынша болашақ мамандарды даярлау және дамыту мәселелерін талқылады. Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) ректоры Сабденалиев Бахтияр Асылбайулы серіктестік байланыстарды кеңейту бастамасын көтеріп, бұл ұсыныс делегация өкілдерінің қолдауына ие болды.
Кездесу қорытындысы бойынша Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) мен «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС арасында ғылыми және білім беру ынтымақтастығын дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.