27.11.25

Vertex Studio ХБК студенттеріне қонақ лекциясын өткізді

2025 жылғы 27 қарашада Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Дизайн мектебі студенттеріне арналған Vertex Studio Индустриялық комитеті мүшелерінің қатысуымен қонақ лекциясы өтті. Тыңдаушылар алдында Vertex Studio компаниясының концептуалды дизайн директоры, өнертану магистрі Касымбекова Мадина Бахытжановна және креативті директоры Пупченок Екатерина Сергеевна сөз сөйледі.

Лекцияның тақырыбы — «Сауда кеңістігіндегі ритейл сәулеттік дизайны: Vertex Studio тәжірибесі және флагмандық Beautymania Mega Алматы жобасы». Спикерлер коммерциялық нысандарды жобалау тәсілдері, ритейл-дизайн бағытындағы заманауи трендтер туралы айтып, флагмандық Beautymania жобасын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, архитектуралық және коммерциялық дизайн саласындағы түсініктерін кеңейтуге, сондай-ақ индустриямен өзара байланысты нығайтуға бағытталды.