11.11.25

ХБК-да профессор Дуглас К. Хартманның қонақ дәрісі өтті

10 қараша күні Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Мичиган штаты университетінің (АҚШ) профессоры Дуглас К. Хартманның қонақ дәрісі өтті.
Дәріс тақырыбы — «How do we equip 100 million teachers worldwide to use GenAI ethically and effectively?» — генеративті жасанды интеллектіні (GenAI) білім беру процесінде қолданудың заманауи тәсілдеріне арналды.

Профессор Хартман жасанды интеллект технологияларының оқыту сапасын арттыруға қалай ықпал ете алатынын және оларды оқытуда этикалық әрі тиімді пайдалану үшін қандай қадамдар жасау қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ ол GenAI технологияларын білім беру бағдарламаларына енгізу және мұғалімдерді жаңа цифрлық құралдармен жұмыс істеуге дайындау бойынша практикалық ұсыныстарын айтты.

Бұған қоса, профессор Дуглас Хартман Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) жасанды интеллект зертханасын ашу мүмкіндігі туралы өз идеяларымен және ұсыныстарымен бөлісті.

Қонақ дәріс қатысушыларға білім беру саласында технологиялардың рөлін жаңа қырынан түсінуге және инновациялық оқу ортасын қалыптастырудағы олардың әлеуетін бағалауға мүмкіндік берді.