04.11.25

ХБК ректоры мен проректоры ҚЖМ ҰҒА корреспондент-мүшелері атанды

2025 жылғы 3 қараша күні Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Отырыс барысында ректор Сабденалиев Бахтияр Асылбайулы мен ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Молдамуратов Жангазы Нуржанович Қазақстан Жоғарғы Мектебінің Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі атағына ие болды.

Куәліктерді Қазақстан Жоғарғы Мектебінің Ұлттық Ғылым Академиясы вице-президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор Ахметжан Рахымбайұлы Көшен табыстады.

Бұл марапат ХБК (KazGASA) басшылығының еліміздегі инженерлік білім беру, ғылым және инновацияны дамытуға қосқан елеулі үлесін айғақтайды.

ХБК (KazGASA) ұжымы Бахтияр Асылбайулын және Жангазы Нуржановичті лайықты атақтарымен құттықтап, ғылыми, білім беру және қоғамдық қызметтерінде табыс тілейді!