31.10.25

ХБК мен Sangmyung University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2025 жылғы 27 қазанда Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) мен Sangmyung University (Оңтүстік Корея Республикасы, Чхонан) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Халықаралық әріптестік аясында Дизайн мектебінің деканы — Узакбаев Турар Куанышевич өнер факультетінде тағылымдамадан өтіп, онлайн-платформаларға арналған цифрлық комикстер — Webtoon бағыты бойынша заманауи оқыту әдістемелерін меңгерді.

Алынған білім мен тәжірибе ХБК (KazGASA) білім беру бағдарламасына Webtoon бағытын енгізуге мүмкіндік береді. Бұл студенттерге цифрлық өнерді жасау, сторителлинг, иллюстрация және анимация дағдыларын дамытуға, сондай-ақ халықаралық жобалар мен коллаборацияларға қатысуға жол ашады.

Мұндай ынтымақтастық Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы академиялық байланысты нығайтып, халықаралық білім беру көкжиегін кеңейтеді және заманауи өнер түрлерін оқу үдерісіне енгізуге серпін береді.