Студенттерге арналған медициналық қызметтер

Халықаралық білім корпорациясы

Студенттер, оқытушылар және қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқатына ерекше назар аударады. Медициналық сүйемелдеу қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға, аурулардың алдын алуға және студенттер арасында салауатты өмір салты мәдениетін дамытуға бағытталған.

Негізгі қызмет бағыттары

  1. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек
  • жедел жағдайлар мен жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету;
  • студенттер мен қызметкерлерге профилактикалық және жоспарлы медициналық тексерулер жүргізу;
  • созылмалы аурулары бар студенттердің денсаулық жағдайын бақылау;
  • вакцинация және алдын алу шараларын өткізу.
  1. Диагностика және кеңес беру көмегі
  • терапевт пен тар бейінді мамандардың (офтальмолог, ЛОР, невропатолог, гинеколог, стоматолог және т.б.) консультациялары;
  • зертханалық талдаулар, ЭКГ, УДЗ және басқа диагностикалық процедуралар жүргізу;
  • оқу орнына түсу, жатақханада тұру және оқу іс-шараларына қатысу үшін медициналық анықтамалар рәсімдеу.
  1. Студенттерге психологиялық қолдау
  • психологтың жеке және топтық кеңестері;
  • бірінші курс студенттеріне оқу процесіне бейімделуге көмек;
  • эмоционалды күйзелістің алдын алу және стресске төзімділікті дамыту;
  • тұлғалық даму мен психикалық денсаулық бойынша дәрістер мен тренингтер өткізу.
  1. Санитарлық-эпидемиологиялық сүйемелдеу
  • оқу корпустары мен жатақханалардың санитарлық жағдайын бақылау;
  • жұқпалы аурулардың алдын алу және дезинфекциялық шаралар ұйымдастыру;
  • денсаулық пен гигиена бойынша санитарлық-ағартушылық жұмыстар жүргізу.
  1. Медициналық ағарту және профилактика
  • денсаулық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған дәрістер, акциялар мен тақырыптық кездесулер өткізу;
  • салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділікті насихаттау;

зиянды әдеттердің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін дамыту.

Медициналық ұйымдармен ынтымақтастық

Студенттердің денсаулығын қолдау жүйесін дамыту мақсатында ХБК Алматы қаласының жетекші медициналық мекемелерімен ынтымақтастық орнатқан.
«Alatau Assistance» ЖШС-пен жасалған келісімшарт негізінде студенттер мен қызметкерлер заманауи клиника жағдайында білікті медициналық және психологиялық көмек ала алады, профилактикалық тексерулерден, консультациялар мен диагностикадан өте алады.

Байланыс ақпараты

Серіктес медициналық орталық:

Алматы қ., Навои к-сі, 310

ХБК медициналық пункті:

Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28, бас оқу корпусы, 119-кабинет