23.10.25

ХБК-да Қазақстан Республикасының күні аталып өтті

25 қазан — Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекелерінің бірі — Республика күні. Бұл күн еліміздің бірлігі мен тәуелсіздігінің, сондай-ақ оның қарқынды дамуының символына айналды. Республика күні — халқымыздың демократиялық және әділетті қоғам құруға деген ұмтылысының көрінісі.

 

Осы маңызды күнге орай Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) мерекелік іс-шара өтті. 23 қазан күні бас оқу корпусында Құрылыс мектебінің студенттері оқытушылар мен қонақтарды оркестрдің әуенімен қарсы алып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

Іс-шара ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге деген құрметтің жарқын үлгісі болып, Республика күнінің тәуелсіздік пен ел бірлігінің нышаны ретіндегі маңыздылығын еске салды.