2025 жылдың 9-11 қазан күндері Алматы қаласында жылдағы ең ауқымды шаралардың бірі — New Vision Forum 2025 өтті. Форум бизнес, технология, білім және мәдениет салаларындағы әлемдік және қазақстандық көшбасшыларды біріктіріп, 20 елден келген 5000-нан астам қатысушыны, 50 компанияның өкілдерін және ондаған панельдік сессиялар мен практикалық воркшоптарды қамтыды.
Халықаралық білім беру корпорациясы форум аясында 2026 жылдың қыркүйек айында ашылуы жоспарланған жаңа халықаралық мектеп — Charterhouse мектебін таныстырды. Корпорацияның мұндай ауқымды алаңға қатысуы оның халықаралық ынтымақтастықты дамыту және озық білім беру тәжірибелерін енгізу бағытындағы стратегиялық бағытын айқындады.
Халықаралық білім беру корпорациясы Бақылау кеңесінің төрағасы Айғазы Әмірланұлы Құсайынов форум аясындағы панельдік сессияларда сөз сөйлеп, білім беру жүйесін дамыту мен педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды.
«Мен жоғары технологиялық әлеуеті бар классикалық білім беруді қолдаймын. Бүгінде технологиялар әлемді жылдам өзгертуде, сондықтан университеттер осы өзгерістерге сай дамуы тиіс. Қазіргі таңда студенттер саны артып жатқан кезде педагогтар тапшылығы байқалады. Бұл мәселені шешу үшін жаңа көзқарас қажет — яғни, инновациялық педагогикалық университет құру, ол жаңа буын ұстаздарын — уәжделген, цифрлық сауатты және Қазақстанның болашағын қалыптастыру миссиясына шабыттанған мамандарды дайындауға бағытталуы керек», — деп атап өтті Айғазы Әмірланұлы.
Сондай-ақ, ол өз сөзінде траст және бизнестегі сабақтастық тақырыбын қозғап, тұрақты дамудың негізі — құндылықтар мен жауапкершілікті сақтауда екенін айтты:
«Нағыз мұра — біз балаларымызға қалдырған дүние емес, әлемге қалдырған ізіміз. Trust — бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын идеяларды, құндылықтарды және миссияны қорғау жүйесі».
Халықаралық білім беру корпорациясының New Vision Forum 2025 форумына қатысуы корпорацияның халықаралық білім беру кеңістігіндегі орнын нығайтып, оны Қазақстандағы инновациялар мен интеллектуалдық дамудың жетекші орталықтарының бірі ретінде айқындады.