2025 жылдың 8 қазанында Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) елдегі ең ірі және жетекші құрылыс компанияларының бірі — BI Group делегациясының сапары өтті.
Қонақтар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, компания өкілдері оқу орнының қызметімен танысты, заманауи зертханалар мен оқу кеңістіктерін аралап көрді.
ХБК (KazGASA) зертханалары мен орталықтары заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл студенттер мен жас мамандардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға, білім мен кәсіби ортаның өзара байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.
BI Group өкілдері корпорацияның ғылыми-білім беру инфрақұрылымын жоғары бағалап, студенттердің даярлық деңгейі мен одан әрі серіктестік үшін зор әлеует бар екенін атап өтті.
Сапар аясында сәулет, құрылыс және инженерлік білім беру салаларында серіктестік байланыстарды нығайту мен бірлескен жобаларды дамытуға бағытталған мазмұнды келіссөздер өтті.