2025 жылғы 16 қазанда Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) делегациясы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі — QS World University Rankings рейтингісінде 334-орында тұрған Мадрид Политехникалық университетіне (Universidad Politécnica de Madrid, UPM, Испания) ресми сапар жасады.
Делегация құрамына Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) ректоры Сабденалиев Бахтияр Асылбайулы, ХБК-ның халықаралық ынтымақтастық және инновациялар жөніндегі кеңесшісі Алдабергенов Мади Бердалыулы және Инженерия мектебінің деканы Алдунгарова Алия Кайратовна кірді.
Сапар барысында ХБК (KazGASA) мен UPM арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатта Мадридтің Жоғары техникалық сәулет мектебі (ETSAM — Escuela Técnica Superior de Arquitectura de Madrid) және Азаматтық инженерияның Жоғары техникалық мектебі (Escuela Técnica Superior de Ingeniería Civil) арасында бірлескен ғылыми-зерттеу және академиялық қызметті дамыту қарастырылған.
Тараптар студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам үшін академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру, Erasmus+ және Horizon халықаралық жобалары аясында бірлескен зерттеулер жүргізу, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және қос дипломды магистратура мен PhD бағдарламаларын әзірлеу жөнінде келіссөз жүргізді.
Сонымен қатар, ағымдағы оқу жылында UPM азаматтық құрылыс мектебінің профессоры Игнасио ХБК құрамына Visiting Associate Professor ретінде қосылатыны атап өтілді.
Меморандумға қол қою Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) жаһандық деңгейдегі ғылыми әлеуетін арттыру мен халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.