17.10.25

ХБК оқытушысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының беделді сыйлығының иегері атанды

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) Инженерия мектебінің қауымдастырылған профессоры, PhD Әсел Әбдікерімқызы Алтаева ғылым және техника саласындағы жоғары жетістіктері үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты атанғанын қуанышпен хабарлайды.

Бұл марапат Әсел Әбдікерімқызының жеке жетістігі ғана емес, сондай-ақ ХБК-ның (KazGASA) ғылыми және академиялық әлеуетін нығайтуға қосқан зор үлесі болып табылады. Осындай беделді сыйлықты иелену университетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилігін және еліміздің ғылыми қауымдастығын дамытуға қосқан үлесін айқын көрсетеді.

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) Әсел Әбдікерімқызы Алтаеваны шын жүректен құттықтап, оған жаңа ғылыми жетістіктер, шабыт және кәсіби қызметінде табыс тілейді.