20.09.25

SDU University делегациясының ХБК-ға сапары

2025 жылғы 19 қыркүйекте Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) SDU University делегациясының сапары өтті. Делегация құрамында SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев, проректорлар Давронжон Гаипов, Нүркен Акимов, Жансерік Саттар, Сабденалиев Берік және Қалыбек Мақсат болды.
Қонақтарды ХБК ректоры Бахтияр Асылбайулы Сабденалиев қарсы алды. Сапар аясында делегацияға кампус бойынша экскурсия ұйымдастырылып, университеттің инфрақұрылымымен және зертханалық кешенімен таныстырылды.
Тараптар ынтымақтастық мәселелерін және университеттер арасындағы академиялық әріптестікті дамытудың перспективаларын талқылады.