2025 жылдың 8 қыркүйегінде Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Луис Ф. Мартинес-Монтес (Luis F. Martinez-Montes) ресми сапармен болды.

Сапар бағдарламасы аясында университеттің оқу корпустарына және мамандандырылған зертханаларына таныстыру туры ұйымдастырылды.

Сапардың негізгі бөлігі ХБК ректоры Бахтияр Асылбайулы Сабденалиевпен өткен кездесу болды. Тараптар халықаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылап, Испания университеттері мен компанияларымен серіктестік мүмкіндіктеріне, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударды.