Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) студенттері кәсіби құзыреттерін тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де белсенді түрде дамытып келеді. Соның жарқын мысалы — «Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын Құрылыс мектебінің 4-курс студенті Эльдар Саттаров.
Биылғы жазда Эльдар Лондондағы TOWNMORE құрылыс компаниясында тағылымдамадан өтіп, еуропалық құрылыс стандарттарымен танысты және еурокодтарды тәжірибеде қолдануды үйренді. Нақты жобаларға қатысу оған халықаралық нормаларға сәйкес ғимараттарды жобалау мен салудың заманауи тәсілдерін көруге мүмкіндік берді.
Мұндай тәжірибелер ХБК (KazGASA) студенттерінің жоғары деңгейдегі даярлығын айқындап, олардың жаһандық кәсіби қауымдастыққа интеграциялануына жол ашады. Біз өсуді, дамуды таңдаған және сәулет-құрылыс саласының болашағына үлес қосуға ұмтылатын студенттерімізді мақтан тұтамыз.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024